Previous Page  200 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 200 / 216 Next Page
Page Background

200

Ала жіпті аттама

Кейде қолдануға харам затты түпкі иесіне немесе

мұрагерлеріне апарып беру айтарлықтай қауіп төндіруі

де мүмкін. Ақысы кетіп, көп жыл жоқшылық тартқандар

ізгі ниетпен тәубе еткен әлгі кісіге ондайда тарпа бас

салып, қанау-тонауға тап болуын мысал етуге болады.

Мұндай жағдайда ол заттың егесін жоққа санап, ты-

ныш жүре берген дұрыс. Ал егер бұлай болмай жатса,

зат иесінің де, өзінің де кешірілуін сұрап көбірек дұға

еткен дұрыс. Және де қолданылған дүние мөлшері ша-

малас затты сауапты іспен айналысатын мекемелерге

бағыштау да Аллаһтың кешіріміне себеп болуы мүмкін.

Бұл да мұсылмандарға ұсынылатын шешім.

ә.Ақысы желінген адам белгілі болса

1) Белгілі арам дүние: Ақысы желінген адам мен

желінген дүние мөлшері белгілі болған жағдайда

алынған зат кері қайтарылып, ақысы желінген адамның

кешірімін алу керек. Алынған дүниенің қаз-қалпында

қайтарылуы өте маңызды.

2) Кісі ақысын жеу арқылы алынған дүние тау-

сылып, не жоғалып қалған жағдайда: Иемденген арам

дүние жоғалып, немесе таусылып қалған кезде істеген

қателігінің дұрыс еместігіне көзі жетіп, иесіне бәрін

қайтарғысы келген жағдайда көңіл бөлуі керек шарт-

тар;

а) Мөлшері белгілі жағдай: Егер алынған дүниенің

мөлшері белгілі болса, сол мөлшерде қайтарылады.

ә) Мөлшері белгісіз жағдай: Мөлшері белгісіз болған

жағдайда шамамен сол мөлшерде қайтарылып, артынан

міндетті түрде ақысы желінген адамның ризашылығы

алынады.