Previous Page  195 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 195 / 216 Next Page
Page Background

195

Қосымша жағдайлар

дарын қайсың алдың? Ұясына қайта қойыңдар», – деп

бұйырды. Тағы бірде құмырсқаның илеуін бұзып отқа

жаққанымызды көргенде: «Құмырсқаларды кім өртеді?»

деп сұрады да, «Расында Жаратқаннан басқаның отпен

азап бергені жөнсіз әрі дұрыс емес» деген-ді

245

.

Қолмен істегенді мойнымен көтерудің қажеттігін

ешқандай құқық саласы жоққа шығармайды. Бірақ,

құқық бұзушылық әрекетке, қылмысқа тағайындалатын

жаза әділеттікті қалпына келтіруге жеткілікті шамада

және айыпты адамды қылмысқа қайта беттеуден тыятын-

дай сабақты дәрежеде болуы тиіс. Ислам әрбір күнәға,

қылмысқа тиісінше ең әділ жаза белгілеп, қылмыстың

алдын алу шараларын қамдаған. Қылмыс үшін берілген

жазаның әділ болуын қалаған дініміз жазықсыз хайу-

андарды отпен, тоқпен азаптауды құптамайды. Ке-

рек десеңіз, Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

малды

өтпейтін пышақпен бауыздап қинамауды әрі пышақты

оның көзінше қайрамауды тапсырған. Малды сою азық

үшін амалсыздан жасалған іс екенін, хайуанға аяушылық

таныту керектігін осыдан аңғарамыз.

Дініміз адамдарға ғана емес, хайуандарға да

қарғыс айтуды, қарғап-сілеуді мақұлдамайды.

Байқағанымыздай, Ислам тек адам баласының ғана

емес, жан-жануарлардың да ақысын аяқасты еткізбей,

қамқорлығына алған. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм):

«Таң намазына шақырған әтешті сөкпеңдер,

тілдемеңдер»

деп, намазға себепкер әрбір нәрсені

қымбатқа бағалайтынын білдірген

246

.

Осы тақырып бойынша көз жүгірткен аяттардан,

хадистерден түйген ойымыз төмендегідей:

245

Әбу Дәуіт. Жиһад 112, Әдеп 164.

246

Әбу Дәуіт. Әдеп 115.