197
Қосымша жағдайлар
4. Амнистия (кешірім), рақымшылық
жасау және кісі ақысы
Дүниежүзілік сараптаулар нәтижесіне сүйенсек,
Қазақстан жүз адамға шаққанда сотталғандар саны
жағынан әлемде он жетінші орында тұрған көрінеді. Бұл
дерек елімізде қылмыс санының тым көптігін білдіреді.
Сондықтан болар, елімізде оқтын-оқтын сотталғандарға
рақымшылық жасау туралы, амнистия туралы заңдар
шығарылады. Амнистия әдетте жеңіл және ауырлығы
орташа қылмысы үшін сотталғандарды жазадан боса-
ту және сот үкімін жою не болмаса жазаны жеңілдету
секілді заң шараларын қамтиды. Исламның мемлекеттік
тұрғыда амнистия жасауға құқық беруімен рақымшылық
көрсетуге деген ұстанымы заманауи мәселе ретінде
зерттеуді, анықтауды талап ететін мәселе.
Кісі ақысы желінген жағдайда
орындалуы керек амалдар
Кісі ақысы желінген жағдайда оның жазалары да
қарастырылған. Атап айтқанда, оның қатарына мыналар
кіреді:
1. Ақысы желінген адамнан шын ықыласпен
кешірім сұрап, ризашылығын алу;
2. Жасаған күнәсі үшін Аллаһтан кешірім сұрап,
тәубеге келу;
3. Кісі ақысына келгенде адамдар мүмин-кәпір бо-
лып бөлінбейді. Үкім де, жаза да бәріне бірдей ортақ.
4. Егер бір кездері ақысын жеген адамыңыз қайтыс
болып кетсе, оның туыстарына сол зат мөлшеріндей
садақа беру керек. Жақындарын да таба алмасаңыз, кез