Previous Page  196 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 196 / 216 Next Page
Page Background

196

Ала жіпті аттама

1. Хайуандарға аяушылық таныту, оларға жанашыр

болу мүминнің айқын ұстанымы болуға тиіс. Өйткені,

хадисте былай делінген:

«Көктегілер (Аллаһ тағала мен

оның періштелері) сендерге мейірімді болсын десеңдер,

жер жүзіндегілерге мейірімді болыңдар»

247

.

2. Мүмин ешбір тіршілік иесін озбырлықпен

жәбірлемеуге, малдың басынан, тұмсығынан қағып,

соққыға жықпауы тиіс.

3. Мініс көліктеріне шамадан тыс жүк артпағаны,

ешқандай жан-жануар, жәндікті тірідей отқа өртемегені,

дене мүшелерін кескілемегені, күйдіріп таңба баспағаны

жөн.

4. Малды аш қатырмай, уақытылы жем-суын беру-

ге, қора-қопсысын таза ұстауға, ауырғанда ем-домын

жасауға міндетті.

5. Хайуандарға қару кезеп қорқытпағаны, құстардың

ұясын бұзбағаны, қораз, ит және басқа да жануарларды

төбелестірмегені абзал.

6. Кез келген зияны жоқ жәндіктің көзін жоюға,

өлтіруге, табанмен жаныштауға тыйым салынған.

Бірқатар улы жәндіктер мен қауіпті жануарларды, соның

ішінде жыланды, шаянды, тышқанды, араны, сонаны,

құтырған итті және басқа жәндіктерді тек зияны тиген

жағдайда өлтіруге рұқсат етілген.

7. Мүмин ешқандай хайуанды қарғап, сілемейді,

лағынеттемейді.

8. Мүмин барша адам баласына, жан-жануарлар

мен жәндіктерге жанашырлық танытады, оларға қамқор

болады. Басқалардың да қатыгездікке баруына қарсы

тұрады, жазықсыз жануарларды қорғайды.

247

Тирмизи. Бирр уә сыла 16; Бәйхаки. әс-Сунәну күбра 9/41.