193
Қосымша жағдайлар
Дүниенің бір бұрышында аста төк ішіп-жеуден, яғни
ысырапшылдықтан туындайтын семіздікпен күресуге
қыруар қаржы жұмсайтын ел барын, екінші бұрышында
арып-ашып, кедейліктің шегінде өмір сүретін қараша
халықтың да барын жадымыздан шығармағанымыз аб-
зал.
3. Мұсылманның жан-жануарларға
қатысты міндеттері
Мүминнің тек адамдарға ғана емес, жан-жануар,
жәндік атаулыға қатысты міндеттері де бар. Мұсылман
адамдардың құқығын ғана аяққа таптамауға дағдыланып
қоймай, табиғатқа, жан-жануарларға қамқорлық таныту
да - мейірімділіктің бір парасы. Бұған жарқын мысалды
Расулаллаһтың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
өмірінен таба аламыз.
Мәселен, шөл далада кезіккен құстың ұясын бұзбас үшін
әскерді басқа жақпен жүргізген Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
тағы бірде көзінен жас сорғалаған түйенің
иесіне «Аллаһтан қорық, бұған шамасы келмейтін жүк
артпа» деп ескерткен. Керек десеңіз, ағашжапырақтарын
ешкілер жесін деп аяусыз қаққыштаған қойшыны көрген
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Мұның да жаны
бар, абайласаңшы» деп жасаған ескертуінің өзі адамзат
пен табиғат арасындағы ұлы үйлесімнен хабар бермей
ме? Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жанды-жан-
сыз табиғатқа мейірмен қарағанындай, мүмин де әрбір
тіршілік иесіне жанашырлық таныта білуі тиіс.
Дінімізде мысықты қамап ұстап аштан қатырған
әйелдің қылығы оны тозаққа жетелегенін, хайуандарды
тірідей нысана қылып, қарақшыға тіккендерге, малдың
маңдайына таңба басқандарға қарғыс айтылатынын
ескертіп, тілсіз хайуандарға жақсы қарауды міндеттейді.