Previous Page  188 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 188 / 216 Next Page
Page Background

188

Ала жіпті аттама

қолхат алмау, жасалған мәмілені айғақтамау секілді

жағдайлар жиі кездеседі. Өйткені, көпшілік мәмілені

жазбаша рәсімдеуді, берілген тауар, ақша үшін қолхат

алуды бейне серіктесіне сенімсіздік көрсету секілді

қабылдайды. Бұл жаңсақ түсінік. Құран бізден қарызды

міндетті түрде хатқа түсіруді, айғақтауды талап етеді.

Іскерлік байланыспен уағдаласқандар тауарға

немесе ақшаға қатысты істе куәлар алдында сөз

байласпаған, мәмілені хатқа түсірмеген болса, шарт та-

лаптары тиісінше орындалмаған деп саналып, оларға

өз дегенін дәлелдеу оңайға соқпайды. Бұл жағдайда

келісімге келе алмаған екі тараптың өзара алауыздығын

былай қойғанда, оларға болысып жік-жікке бөлінген

әріптестер, ағайын-туған, жолдас-жоралардың арасы-

на да сызат түседі. Егер әлдебір іс бастар алдындағы

екі жақ Аллаһ тағаланың әмірін қалт жібермей қарыз

ақша, сауда-саттық мәмілесін жазбаша рәсімдесе, екі

жақ та оған қол қойса, анау-мынау келіспеушілік ту-

ындай қоймас еді. Құранның әмірін сенімсіздік білдіру

ретінде қабылдау, оны орындауға талпынған бауырын

ағаттықпен даттау да кісі ақысын бұзғандық болады.

Қарызының бар екенін біле тұра, төлегенін айтып

жалтару, ант-су ішу де үлкен күнә. Мұның обалы мен

зауалы осы қадамға барған адамның мойнына арты-

лады. Қасақана мұндай кесірлікке барғанның жазасы

айыбын жуып-шаюмен өтелмейді. Имам Шафиғидің

пікірінше, мұндай қадамға барған адам шынайы тәубе

етіп, Аллаһтан көп кешірім тілеуі тиіс.

г) Комиссионерлік (делдалдық)

Сауда-саттық саласындағы институттардың бірі

– комиссионерлік. Белгілі бір көлемдегі сома үшін

комитенттің (тапсырма берушінің) пайдасына және