187
Сауда ісіндегі кісі ақысы
ақшаны қызу айналдырғанымен, бәрібір саясатқа
тәуелді. Жаратылыстану ғылымдарының хаос жүйесі
теориясында «көбелек эффекті» деген ұғым бар. Бұл
жүйеге болмашы әсер етудің салдарынан орасан
қиындықтар туындауы мүмкін. Ендеше, бір ауыз сөзі
мен оқыс қылығы нарықты өзгертуге құзыры жететін
лауазым иелері бұған сақ болуы тиіс. Өйткені, іргесі
шайқалған нарықтағы тұрақсыздық реттеліп, бағаның
бағамы бір ізге түсіп ырықталғанша, спекулятивті бизнес
жасаушылардың дәурені жүреді. Олар төтенше жағдайда
өздерінен басқа ешкімге пайда әкелмейтін қадамдарға
барып, нарықтың қорғансыз қатысушыларына орасан
зор шығын келтіреді. Бұл жағдайда, бұзылған құқық
оңай қалпына келе қоймайды. Себебі, кімге, қандай
шығын келтірілгенін болжап білу мүмкін емес.
в) Несиені уақытылы қайтармау
Алған қарызды уақытысында қайтармау құқықтық
жауапкершілікке жетелейді. Ал, одан бас тартудың
дініміздегі үкімі – кісі ақысын белден басу. Бұл әсте
жақсылыққа апармайды. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм):
«Байдың борышты төлеуді кешіктіруі – қиянат»
деген. Қарыз алғанда немесе бергенде мәміленің
маңызды шарттарының бірі - уағдаласқан мерзімде
қайтару. Құран кәрім несиені жазбаша рәсімдеуді, куә
немесе кепіл секілді қарыздың берілгенін дәлелдейтін,
орындалуын қамтамасыз ететін әдістерді қолдануды
талап еткен
241
.
Күнделікті тұрмыста көмекке, несиеге ақша
қарастырғанда, кәсіпкерлік қызмет барысында іскерлік
айналымның әдет-ғұрпына сүйеніп, тауар саудалағанда
241
«Бақара» сүресі, 282-283 аяттар.