Previous Page  182 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 182 / 216 Next Page
Page Background

182

Ала жіпті аттама

б) Бал ашу, сәуегейлік жасаудан түскен табыс

Бал ашу, сәуегейлік жасау - адамды алдап соғуға

құрылған көп әдістің бірі. Ешкім ғайыпты болжап біле

алмақ емес, адамды алда не тосып тұрғаны бір Аллаһқа

аян. Қу құлқынның құлына айналған балгер, көріпкел,

сәуегейлер аздаған ақша үшін адамды тура жолдан тай-

дырады. Бір қауіптісі, олар көбіне Исламның атын жа-

мылып жұмыс жүргізеді. Оларға дініміздің түбегейлі

қарсы екенін елдің бәрі біле бермейді.

в) Зекеті берілмеген байлық

Нисап мөлшеріне жеткен мал-мүліктен зекет бөлек

алынбаса, оны меншік иесінің қажетіне жаратуы харам.

Зекеттің өзгелердің несібесі екені Құран аяттарында

анық білдірілген.

г) Мұрадан басқалардың ақысын жеп алған үлес

Мұраға қалған мүліктен өз үлесінен алған соң да ты-

ныш таппай, өзгенің несібесіне де көз сүзіп, басқалардың

да үлесін зорлықпен иемдену - дініміз құптамайтын

қылық.

ғ) Кіріптарлық жағдайында жасалған

мәміледен түскен табыс

Кіріптарлық жағдайында, әлдекімнің құқығына

көпе-көрінеу нұқсан келтіретін мәміле жарамсыз бо-

лып саналады. Мәміле жасасқанда адамның еркінен тыс

және оған тым тиімсіз шарттар ұсынуға болмайды.

д) Бопсалау нәтижесінде жасалған мәміледен

түскен табыс

Өзіне ұнаған нәрсені иесі келіспесе де, қорқытып-

үркітіп сатып алу - кісі ақысының тапталғанына айғақ.