183
Сауда ісіндегі кісі ақысы
Мәселен, қаланың бас жоспарында, аумақты дамытудың
перспективасында жасыл желек белдеуі ретінде неме-
се жол құрылысы қарастырылған деген сылтаумен үй-
жайларды, жер телімдерін арзанға сатып алуды осыған
жатқызуға болады. Бұл нарық бағасынан арзанға бағалау
және меншік иелерінің ықтиярынсыз болғандықтан,
олардың құқығын бұзушылықтың көрінісі. Дініміз бой-
ынша мұндай мәмілелер жарамсыз саналады.
е) Сауда-саттық барысында ант-су ішу
Сауда-саттық барысында ант-су ішуге тыйым
салынған.
«Уа, көпестер (саудагерлер)! Жалған ант-
су (қасам) ішу, бос сөз және сауданың шалғайында
шайтан мен күнә жүреді. Сауда-саттықтарыңды
садақамен араластырыңдар!»
236
деген хадис осыған
дәлел.
«Сауда-саттықта ант-су ішуден сақтаныңдар.
Серт беру әуелгіде тауарларыңды өтімді және
қажетті (ұтымды) қылғанымен, артынша бүлдіреді,
берекесін кетіреді»
237
деген хадистен ұққанымыз та-
уарды өткізу, сөзін нанымды қылу үшін ант беруге
болмайтындығын ұғамыз. Ант беру екі түрлі:
Тауарда жоқ нәрсені бар деп, ақауын жасырып,
сондай-ақ, өзіндік құны қымбатқа түсті деп өтірік ант-су
ішу. Жалған серт саудада ғана емес былайғы тұрмыста
да күнә.
Өтірік болмаса да тауарды өткізу үшін, сауданы
жүргізу үшін берілген ант. Рас болса да, сауда барысын-
да серт беру дұрыс емес.
236
Әбу Дәуіт. Бүю 1; Нәсаи. Әйман 22, 23, Бүю 4; Тирмизи. Бүю 4;
Ибн Мажә. Тижарат 3.
237
Бұхари. Бүю 26; Мүслим. Мүсақат 131; Нәсаи. Бүю 5; Әбу Дәуіт.
Бүю 6; Ибн Мажә. Тижарат 30.