185
Сауда ісіндегі кісі ақысы
Бәсекелестің фирмалық атауын, таңбалануын, тауар
белгісін, сондай-ақ жарнама материалдарын, фирмалық
орамды көшірмелеу арқылы тұтынушыларды шатасты-
ру да жөнсіз бәсекелестікке мысал. Расында, тауарды
маркаға (эталонға) айналдыруға, нарыққа шығаруға,
жарнамалауға қыруар қаржы шығын қылған өндіруші
немесе өткізушінің еңбегін көлденең жолдан пайдала-
нып кету, тұтынушыларды алдау дұрыс емес.
Бәсекелестер арасында бағаны өздері реттеп,
нарықты бөліп алу, жаңадан қосылған кәсіпкерлерді
нарықтан шығарып жіберу немесе олардың қызметін
мүлдем тоқтатуға мәжбүрлеу туралы мәмілеге келушілік
те Исламның мораль қағидаларына, кәсіпкерлік этикасы-
на қайшы. Мұндай қияңқы қылықты мұсылман адам бы-
лай тұрсын, басқа дін өкілдеріне де жасауға болмайды.
Сондай-ақ, нарықта монополиялық жағдайды иемденген
алпауыт бизнес өкілдері бағаны қалауынша шарықтатып
жіберуі бұрыс іс. «Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ
шығарса» деп, дегеніне салып, өзім білемдікке бару,
таңдау еркі жоқ тұтынушылардың құқығын аяқасты
еткендік болады. Тауардың, қызметтің сапасын,
тұтынушылық қасиетін шындыққа сай жарнамалаған
жөн. Алайда, тауар сапасы туралы жалған мәліметтерге,
алдауға құралған жарнамалық ақпараттарға тыйым са-
лынады.
Заң шеңберінде жасалған кәсіпкерлік қызмет -
дінмен құпталған амал. Кәсіпкерлікпен айналысқан
кісі халықтың пайдасын көксесе, мемлекеттің мүддесін
ойласа, тап бір ғибадат жасағандай сауапқа кенеледі.
Байқағанымыздай, дініміз сауда-экономикалық
қатынастарда да, қоғамдық қатынастарда да «басқаға
нұқсан келтірмеу» қағидасын берік ұстанады. Мүминге