189
Сауда ісіндегі кісі ақысы
соның есебінен іс жүргізіп, бірақ өз атынан мәміле
жасаушылық бүгінгі қоғамымызда тараған кәсіпке
айналды. Қазіргі кезде мұндай делдалдың көмегімен
үй-жай, автокөлік саудалау немесе жалға алу секілді
әрекеттер кеңінен өріс жайған.
Өндіруші мен тұтынушының арасында делдалдық
жасау барысында комиссионер іскерлік этикасын
сақтауға, сатып алушыны немесе сатушыны алдап
соғып, тауар бағасын тым аспандатып көлденеңнен оңай
олжа табуға ұмтылмауы тиіс. Мұндай заңсыздыққа жол
берілгенде тауар өндірушінің табысы азайып шығынға
батса, тұтынушы тауарды қымбатқа сатып алып зиян
шегеді, есесіне комиссионер кісі еңбегін қанап күн
көреді. Ислам мұндайға түбегейлі қарсы.