Previous Page  184 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 184 / 216 Next Page
Page Background

184

Ала жіпті аттама

Ант беру сырт көзге тауарды өткізуге септігін

тигізген болса да, түскен табыста қайыр, береке бол-

майды.

10. Бәсекелестік талаптарын сақтамау

Бәсекелестік – тауар өндірушілер мен қызмет

көрсетушілердің өз өнімдері үшін неғұрлым ауқымды

нарықты жеңіп алу мақсатында тайталасқа түсуі, барын-

ша жоғары пайда алу жолындағы күрес. Бәсекелестіктің

екі түрі бар:

а) Таза (әділ) бәсекелестік

Ұқсас тауар өндірушілер мен ұқсас қызмет түрлерін

ұсынушылардың нарықтағы бәсекелестігі, бақталастығы

тұтынушылар үшін тиімді. Таза бәсекелестер күшіне

мінгенде, нарықтың қатысушылары пайданы неғұрлым

көбейту, сату көлемін ұлғайту үшін тауар мен қызмет

сапасын жақсартуға, бағаны төмендетуге мүдделі бо-

лады.

ә) Жөнсіз бәсекелестік

Тауар өндірушінің, қызмет көрсетушінің нарықтағы

өз үлесін ұлғайту мақсатында шығарған өнімінің

қасиеттері және сапасы туралы жалған мәліметтер беруі,

жарнамалық ақпараттарды әдейі бұрмалап көрсетуі,

бәсекелестерінің тауарына қатысты олардың жақсы

аты мен беделін кемсітетін жалған мәліметтер тара-

туы

жөнсіз бәсекелестік шеңберіндегі харам тәсіл.

Бұл нарықтың өзге қатысушыларын қиянат жасау

жолымен тықсырту болғандықтан, харам саналады.

Мұндай бейбастақтыққа тыйым салынбаса, нарықты

әділетсіздікпен жаулап алуға, соңы монополиялауға

әкеп соқтырады.