Previous Page  190 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 190 / 216 Next Page
Page Background

190

Дүнияны қалай шын дерсің,

Атамыз – Адам пайғамбар.

Сонан бергі адамның

Өлмей жүрген бірі жоқ.

Заманым қалды өсекке,

Шамаласам ары жоқ.

Замананың адамы

Артын ойлап асылы

Көңілі жоқ өлерге.

Пақырдың хақын зор жесе,

Таңда махшар күнінде

Шариғаттың жолы – төлерге.

Шама қылсаң жарандар

Жақындап тұр бұл шақ та

Сахауат шам сөнерге.

Әбубәкір Кердері (1861-1905)