Previous Page  191 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 191 / 216 Next Page
Page Background

191

VI Бөлім

ҚОСЫМШАЖАҒДАЙЛАР

1. Кез келген құқық бұзушылық

Құқық бұзушылық – тұлғаның жеке басына немесе

мүлкіне зиян келтіру. Адам өмірі мен денсаулығына қол

сұғушылық үлкен күнә, қылмыс санатына жатқызылып,

оған ауыр жаза тағайындалған. Меншікке қатысты

қылмыстарға бөтен адамның дүниесін ұрлау, тонау не-

месе қарақшылық оқиғалары жатады. Бөтен адамның

мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру де бұның бір мы-

салы.

Әсілі бөгде адамның мүлкіне қол сұғушылық -

дінде күнә, мораль тұрғысынан өрескел ерсі қылық,

заң тұрғысынан алғанда қылмыс. Қоғамдық қауіпсіздік

пен тәртіпті бұзуда кінәлі адамның дүние мен ақыретте

жауапкершілігі ауыр. Бөтеннің мүлкіне зиян келтіруге,

атап айтқанда, жас балалардың, үй жануарларының

мүлікті жойғаны немесе бүлдіргені үшін балалардың

заңды өкілі – ата-анасы, хайуанның иесі толық

материалдық жауапкершілік алады. Материалдық

шығынның орнын толтыру барысында тап сондай

мүлікті сатып алып беру немесе ақшалай құнын беруге

шешім шығарылған.