Previous Page  186 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 186 / 216 Next Page
Page Background

186

Ала жіпті аттама

тапсырылған өмірлік маңызды іс - басқа адамның

мүддесіне қайшы келетін, құқығын бұзатын іс-қимыл

жасамау, бұған әрдайым ыждағаттылық таныту. Бірақ,

әлеумет көбінесе мұны елеусіз қалдыруда. Олардың

елемей, естен шығарғандары Аллаһтың назарынан таса

қалмайды. Оның әділетті құзырында күнәніңмаңыздысы,

маңызды емесі, кісі ақысының үлкен-кішісі жоқ. Олай

болса, кісі ақысына барынша сақ болайық, ағайын!

б) Спекулятивті іс-шараларға бару

Жоғарыда тоқталғанымыздай, тауар бағасын әдейі

аспандататын спекулятивті амалдарды дініміз мүлдем

құптамайды. Әбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

қалалықтың ауыл

адамына комиссионер болуына, тауарды алуға ойы жоқ

бола тұра, сатып алушымен бәсекелесіп бағаны көтеруге,

басқаның саудасына килігіп өз тауарын өткізуге тыйым

салған

238

.

«Ешкім мұсылман бауырының сауда-саттығына

килігіп, алыс-беріс жасамауға тиіс, ол саудаласып

жатқанда үстінен саудаласпайды»

239

.

«Тауарын сатып алмайтын болсаңдар, сатып алу-

шыны арандату үшін бағаны көтермеңдер»

240

дейтін

хадистер бұл мәселелерде кісі ақысының мейлінше

сақталуын басты мұрат тұтады.

Қазіргі таңда экономика саласында бүкіләлемдік

нарыққа едәуір ықпалын тигізетін оқиғалар легінен

құлағдармыз. Нарық өз шеңберінде миллиондаған

238

Бұхари. Бүю 58, 70, 71, Шурут 8, 11; Мүслим. Неке 38, 39, 51, 52.

239

Бұхари. Бүю 58, 64, 71, Шурут 8, Неке 45; Мүслим. Неке 17, Бүю

45, 48; Тирмизи. Неке 38, Бүю 57.

240

Бұхари. Бүю 58, 64, 71, Шурут 8, Неке 45; Мүслим. Неке 17, Бүю

45, 48; Тирмизи. Неке 38, Бүю 57.