Previous Page  181 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 181 / 216 Next Page
Page Background

181

Сауда ісіндегі кісі ақысы

а) Лотерея, бәс тігу ойындарынан түскен табыс

Құранның «Мәида» сүресінде құмар ойындары-

на тыйым салынған. Пайғамбарымыз құмар ойнамақ

түгіл оған жол береді деген іс-әрекеттің бәріне қырын

қараған.

«Кімде-кім досына «кел, құмар ойнайық» деп

ұсыныс білдірсе, садақа берсін»

деген.

Казино соғу, лотерея ойнату, букмекерлік кеңсе ашу,

тотализатор ұстау секілді хараммен баюға дінімізде жол

жоқ. Дінге қайшы жолмен мал жиған адам оны жаппай

жақсылыққа жұмсаса да, күнәден құтыла алмаса керек.

Ол қайтсе де басқаны алдап соққанының, көпе-көрінеу

кісі тонағанының обалын мойнына жүктейді.

ә) Жезөкшеліктен, жезөкшелікке апаратын

жолдан түскен табыс

Жезөкшелік - адамның тәнін саудалап, ақша

табудың амалы ғана емес, ол адам өмірі үшін де,

қоғам үшін де аса қауіпті құбылыс. Қоғамдағы отба-

сы, дін, мемлекет институттарының қызметін жоққа

шығарады, қалыптасқан адамгершілік, адалдық,

ар-намыс, сенім, сүйіспеншілік секілді моральдық,

этикалық құндылықтарды аяққа таптайды. Құран

кәрім жезөкшелікке былай деп тыйым салған:

«Зинаға

жоламаңдар (оған бейімдейтін әртүрлі әрекеттерден

аулақ болыңдар)! Өйткені, ол анық арсыздық және

жаман жол»

(«Исра» сүресі, 32-аят).

Жезөкшелікпен айналысқандар, жезөкшелікпен

айналысуға тырысқандар, жезөкшелер үйін ашқан

«жеңгетайлар» қоғамның рухани азғындауына, арсыздық

пен ұятсыздықтың етекжаюына, бұрын-соңдыкезікпеген

ауру-сырқаудың белең алуына себепші. Оның зауалы,

жазасы туралы айтудың өзі артық әңгіме секілді.