178
Ала жіпті аттама
8. Сауда-саттыққа қатысты кісі ақысы
түрлері
Исламда тыйым салынған сауда-саттыққа қатысты
ешқандай да мәміле мен заңдар қарастырылмайды. Са-
уда қатынастарында тараптардың нендей тауарды қалай
және қандай шарттармен сатқаны және сатып алғаны
мәлім болуы тиіс. Және де адам баласына зияны бар
заттарды саудалауға да жол жоқ.
а) Сауданың шырқын бұзып сауда жасау
Хадисте
«Ешкім иісі мұсылман бауырының сауда-
сын бұзбасын»
233
делінген. Сатушы мен сатып алушы
мәміле жасауға емеурін танытып өзара келісіп жатқанда
өзге сатушы араға килігіп, «мен бұдан әлдеқайда арзанға
беремін» деуі сауданың шырқын бұзу болып табылады.
Тек потенциалды сатып алушы райынан қайтса, не бол-
маса рұқсатын берсе ғана өз затын саудалай алады.
Ислам құқықтанушыларының көбі сауда
қатынастарында мұның мұсылман, мұсылман еместігіне
қарамастан, баршаға ортақ талап екенін білдірген. Шы-
нымен де Ислам ұстанған дініне бола адамдарды алала-
майды, күнделікті тұрмыста, заң алдында адамдардың
бәрі бірдей саналады.
ә) Нарыққа тауар өткізушіні жолдан тосып алу
Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қалаға келе жатқан
керуенді жолдан тосып алып тауарды саудалауға тыйым
салған
234
. Бұлай жолдан тосудың екі түрі болады:
Саудагер жолай барлық тауарды көтере сатып ала-
ды да, жергілікті нарықта мұндай тауардың жоғын пай-
даланып, қалаған бағасына өткізеді.
233
Мүслим. Неке 49, Бүю 7, 8, 11.
234
Бұхари. Бүю 72, Ижара 11, 19.