Previous Page  175 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 175 / 216 Next Page
Page Background

175

Сауда ісіндегі кісі ақысы

Құран кәрімде:

«Ұрлық жасаған ер мен әйел адамның

қылмыстарына Аллаһтан бір жаза ретінде қолдарын

кесіңдер. Аллаһ аса үстем, хикмет иесі»

, – деген

(«Мәида» сүресі, 38-аят).

Ұрлық туралы ой адамда ашкөздік, дүниеқорлық

мінездері арқылы пайда болады. Еңбек еткісі келмейтін

еріншек адам ұрлық-қарлықпен күнелтуді ар санамайды.

Әсілінде, адамның еңбегі мен иелігіндегі мүлкіне қол

сұғу харам. Ешкім иесінің рұқсатынсыз мүлкін өздігінен

иемденіп кете де, кәдесіне асыра да алмайды.

Аяттағы ұрының қолын кесу жазасы әуелгіде

әділетсіздік, қатыгездік секілді көрінуі мүмкін. Бұл жаза

– бір үйір мал ұрлағанға да, бір тал сіріңке ұрлағанға да

бірдей қолданылатын кесім емес. Ұрлықтың көлеміне,

тигізген зардабына сәйкес жазаның да тағайындалу

тәртібі, оны ауырлататын немесе жеңілдететін көптеген

факторлар ескерілетіні анық. Не ұрласа да ұрының

аты - ұры. Сондықтан, қоғам өмірінің қауіпсіздігі мен

тыныштығы үшін және меншік құқығының сақталуына

кепілдік ретінде мұндай жазалау әдісін дұрыс деп білген

жөн.

Ислам меншікті қорғауды маңызды деп, дүние-

мүлкін қорғаштап жүріп мерт болғанның шейіттігін

білдірген

232

. Ұрлық тек бөтеннің мүлкін заңсыз ием-

денумен шектелмейді, қорқытумен, бопсалаумен,

жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірумен, мүлікті

бүлдіру немесе жоюмен де іске асуы мүмкін.

Ұрлық жасауды тек материалды игіліктерді

қолды қылу деп түсінбеген жөн. Оның мүліктік емес

игіліктерге де қатысы барын естен шығармайық. Халық

даналығындағы «Ұрлық түбі – қорлық» дейтін мақал

232

Нәсаи.Тахрим 21.