Previous Page  174 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 174 / 216 Next Page
Page Background

174

Ала жіпті аттама

5. Өсімқорлық пайызбен қарыз беру

Адамзаттың ғасырлар бойы қордаланған

мәселелердің бірі өсімқорлық болса керек. Мұнымен ай-

налысып дәніккендер өзіне кіріптар болғандарды теспей

сорып, елдің қақысын қынадай қырып дәулет жинауда.

Сол себепті, Аллаһ тағала қанаудың ең оңтайлы тәсілі -

рибаға Құран кәрімде қатаң тыйым салған. Сондай-ақ,

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

да бұл мәселені жиі

тілге тиек еткен.

Қоғамның мың сан тетігі өзара байланысқан

күрделі механизм іспеттес. Оның тұтас істен шығуына

бір тетіктің болмашы ақауы-ақ жеткілікті. Мәселен,

өсімқорға әйтеуір бір себептермен күні түскен адам

әдетте қарызға белшесінен батады. Одан оңай құтылуға

шамасы келмегендіктен, күйгелектеніп темекі тартып,

одан қалса «күйінішімді басамын» деген байғұс жалған

үмітпен арақтың қақпанына қалай түскенін аңдамай

қалады. Содан үй ішінің тыныштығы кетеді, ұрыс-

керіс, айқай-шу орын алады. Айналып келгенде, сүттей

ұйып отырған бір отбасының ойран-асыры шығады.

Ал, отбасы қоғамға қаланған бір кірпіш екенін ескер-

сек, өсімқорлықтың зардабы одан әрі күшіне мінеді.

Сондықтан, Аллаһ тағала рибамен айналысқандарға

ауыр жаза кескен. Оның есесіне, «қарз хасан», яғни

үстемесіз, өсімсіз қарыз беруді құптаған, мұндай игілікті

көмек бұл дүние мен арғы дүниеде адамды жақсылыққа

жетелейтінін айтып сүйіншілеген.

6. Ұрлық

Ұрлық - дінімізде үлкен күнәлар санатына

жатқызылған және алдын алу үшін барынша ауыр

жаза тағайындалған құқық бұзушылық. Аллаһ тағала