Previous Page  170 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 170 / 216 Next Page
Page Background

170

Ала жіпті аттама

мұны тұтынушыға бүкпесіз айтуы керек. Сондай-ақ,

ақауы бар тауарды бүлінбеген тауардың бағасымен

саудалауға болмайды. Бүгінгі күннің шындығы сол,

сауда-саттық десе, кісі ойына алдымен алдау мен арбау

оралады. Әсіресе, телеарналардағы қызылды-жасылды

жарнамалар тауарлардың тұтынушылық қасиетін асы-

ра мақтап, көпшілікті бұған иландырудың бар амал-

айласын қарастырып бағады.

Бүгінде халықтың құқықтық сауаты мен

белсенділігі артты десек те, адамдардың көпшілігі құқы

бұзылғанда заңға жүгіне бермейді, көнбістік таныта-

ды. Әділетсіздікке көз жұма қарау мұсылмандыққа жат.

Әділетсіздік жасалғанда үнсіз қалу, ақиқатқа қиянат

болмақ.

Тауар өзіндік құнынан тым қымбатқа сатылғанда

аларман, төмен бағаға саудаланғанда сатушы зиян

шегеді. Тауардың өткізу бағасын нарықтың талаптары-

на, оның өзіндік құнына және басқа да қара қылды қақ

жарған әділетті факторларға қарап белгілеу қажет. Баға

белгілеудің өзі жауапткершілік пен әділеттілікті қажет

ететін жауапты іс. Онда сатушы мен сатып алушының

мүддесі қатар ескерілуі тиіс. Тауарды тым қымбат

бағалау қарапайым халық үшін әділетсіздік болса, өз

бағасынан тым төмен бағалануы да сатушы ақысының

аяққа тапталғаны

225

.

Сатушының тауарды саудалағанда «бағана біреу

мұнша бағаға сұрады, бермегем» не болмаса, «құны

осынша, бұдан төмен болса шығынға ұшыраймын» деп,

алдап сатуы да, сатып алушының құқын бұзбақ.

Сауда-саттық кәсібінде осындай харам әдіс-

тәсілдермен табыс табу Құранның

«Малдарыңды бұрыс

225

Ибн Ғабидин. Раддул-Мұхтар 4/159.