Previous Page  166 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 166 / 216 Next Page
Page Background

166

Ала жіпті аттама

Табыс табудың дінде тыйым салынған түрлері

мыналар:

1. Риба (пайыз үстемесі)

Риба арқылы табыс табу - Исламда харам іс. Дініміз

жалпыға тиімсіз, әділетсіз нәрселерге осылай шектеу

қойған. Хадистерде капиталдың белгілі бір топтың

қолында ғана айналуына жол ашатын, халықты аяу-

сыз қанауға апаратын өсімқорлық - жеті үлкен күнәнің

қатарында аталған

216

.

Мүминдердің риба және харам амалдар турасын-

да өте мұқияттылық танытқаны абзал. Қоғамымызда

өсімқорлықпен мал табар жандардың болатынын

ескерген Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бұдан

ондаған ғасырлар бұрын: «

Адамдардың басына сондай

күн туады, кісі малының адалдан, не болмаса харамнан

болғанына мән беріп жатпайды»

деген сөзінің мәнін

ұққандай боламыз

217

. Олтағы бірде:

«Адамдардың басы-

на сондай күн туады, риба (пайыз өсімі) жемеген жан

қалмайды. Жемесе де тозаңы жұғады»

, – деген

218

.

Рибамен күн көру - жеке тұлғаның да, қоғамның

да құлдырауының көрінісі.

«Кімде-кім рибамен мал

жиса, соңында әлбетте жоқшылық көреді»

219

,

«Бір

қауымда риба кең тараса, ол қауым міндетті түрде

ашаршылықпен жазаланады. Парақорлық кең тараса,

ол қауым үреймен жазаланады»

220

,

«Зинаның жария

216

Бұхари. Уәсая 23, Худуд 44, Тыб 48; Мүслим. Иман 144; Әбу

Дәуіт. Уәсая 10.

217

Бұхари. Тижарат 58; Нәсаи. Зекет 64.

218

Әбу Дәуіт. Бүю 3; Нәсаи. Бүю 2; Ибн Мажә. Тижарат 58; Ахмед

ибн Ханбәл. әл-Мүснәд 2/494.

219

Ахмед ибн Ханбәл. әл-Мүснәд 1/395, 424.

220

Ахмед ибн Ханбәл. әл-Мүснәд 4/205.