Previous Page  161 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 161 / 216 Next Page
Page Background

161

Мұсылманның бір-біріндегі ақысы

19. Жазықсыз зинақорлық жаласын

жабу, абыройға нұқсан келтіру

Аллаһ тағала адамзат баласына ұрпағын таза

ұстау мақсатында зина жасауға тыйым салған. Ислам

азғындық пен арсыздыққа жол бастайтын мұндай қадам

жайлы ойлаудың өзін жаман санайды. Тақырыбымыз

зина жасау емес, зина жасады деп айыптау туралы

болғандықтан, әңгімемізді келтесінен қайырайық,

кісіге зина жасады деп жала жабылғанда қолдан келер

қайран жоқтың қасы. Абыройыңды ақтап алам деген-

ше, жан дүниең азаптың шырғалаңынан шыға алмай

әрі-сәрі күй кешесің. Және де басқа жағымсыз істен де

бұрын зинақорлық деген жаман ат - оның өзі де сұмдық,

өлімнен де күшті. Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

айтуынша, зина жасады деп жала жапқан адам тек

жаққан күйесі үшін ғана емес, адамның айыбын ашуға

тырысу секілді бірқатар күнәларды да қоса мойынына

жүктеп алатын көрінеді.

Дініміз мұсылманға жапа шектірудің анық күнә

екенін білдірген. Зина жасады деп айыптап, адамның

абыройын төгу, ар-намысына тіл тигізу кісі ақысын

табанға сап таптау іспетті. Аятта:

«Мүмин ер адамдар

мен мүмин әйелдерді жазықсыз ренжіткендер болса,

олар әрине жала жауып, ашық күнә жүктеп алды»

делінген («Ахзаб» сүресі, 58-аят). Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

әйелдерге зина жасады деп жала жа-

буды ең үлкен жеті күнәнің бірі санаған

213

.

Адамның шыққан тегін, ата-бабасын қаралау -

кісі ақысына нұқсан келтірудің бір түрі. Бір пенденің

екінші пендені балағаттап, ата тегіне тіл тигізуге қақысы

жоқ. Әсілі, мұсылманды тексіз, некесіз туды деуден

213

Бұхари. Тыб 48; Мүслим. Иман 38.