157
Мұсылманның бір-біріндегі ақысы
Құран кәрім:
«Зинаға жуымаңдар. Өйткені, ол
анық арсыздық және жаман жол»
(«Исра» сүресі,
32-аят) дегенді ойға тоқысақ, зина жайлы ойланудың
өзі харам.
Мұсылман адам күнәнің ауылынан күншілік жер
айналып өтіп, күнә жасауға итермелейтін барлық
күдікті амалдардан қашық тұруы тиіс. «Сендерден
күмәндануға себепші болатын мекендер мен себептер-
ден сақтаныңдар» деген хадис
208
осы ойымыздың дәлелі.
Хазірет Омар (р.а.) да бір сөзінде: «Айыптауға, күдікке
себепші болатын жерге баруды әдетке айналдырған адам
өзі туралы қате ойлағандарды сөкпесін», – деген екен.
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мешітте
оңашаланғанын (иғтикәф) естігенСафиябинтиХуяй (р.а.)
анамыз онымен кездесуге келеді. Пайғамбарымызбен
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
азын-аулақ әңгімелескеннен кейін ке-
туге бет алады. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оны
есік аузында шығарып салып тұрғанда, екеуін ансарлық
екі кісі жолай байқап қалады. Сонда Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оларға дауыстап: «Бұл Сафия бинти
Хуяй ғой», – дейді. «Уа, Аллаһтың елшісі, сіз жайлы
қайырдан басқа ештеңе ойламаймыз», – деп ана кісілер
елпілдеп қалады. Сонда Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
былай деген екен:
«Шайтан адам баласының қан
тамырында жүреді. Ол сендердің жүректеріңе секем
сала ма деп қорықтым»
209
.
Теология ғылымдарыныңдокторы, профессорФарук
Бешердің осы тақырыптағы пікірі де көңілге қонымды.
Профессор Құраннан түйген ойын былай деп жазады:
208
Мүнауи. Фәйзул Қадир 3/386
209
Бұхари. Иғтикәф 11, Бәдғул-халқ 11, Ахкәм 21; Мүслим. Сәлем
23-25.