Previous Page  159 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 159 / 216 Next Page
Page Background

159

Мұсылманның бір-біріндегі ақысы

күні бармағын шайнап:

«Нендей өкініш маған. Әттең,

мұнымен дос болмағанымда ғой»

(«Фурқан» сүресі,

28-аят), – деп жер соғып күйінеді екен.

Пайғамбарымыздың да

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Кім-

кім де досының дінінен алшақ кетпейді. Сол себепті

әркім кіммен дос болып жүргеніне қарасын», – деуі

тегін емес. Адамды қалыптастыратын - оның ортасы.

Хас мұсылманмен дос болғанның жаман әдетке үйір

болуы тым сирек болса, нәпсінің бодауында кеткендер-

мен таң атырып, күн батырғандардан да иманы кәміл

кісі шығуы қиын.

Дос таңдау да мүмин үшін бірден-бір сынақ.

Жауапкершілігі тағыбар.

«Көршісі ашкезде тоқжатқан

бізден емес»

210

деп, мұсылманның аш қалмауын мықтап

тапсырған Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

осы сөзі

арқылы тек көмей мен қарынның қамын ғана емес, ру-

хани азықпен қамтамасыз етуді де меңзеген болар.

Біз дініміз бен елімізге қызмет етер отансүйгіш

мұсылман ретінде жүрегінде иманның шоқ-шаласы

сөнуге шақ қалып тұрған адамды өзімізге тартып, оны

рухани азықпен байытуымыз керек. Бұл Аллаһ пен

елшісінің

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бізге жүктеген тікелей

міндеті. Бұл міндеттен қашуды бір жағынан жихад-

тан тартыну, бір жағынан өз-өзімізге қиянат жасау деп

білген жөн.

210

Хайсами. Мәжмәуиз-Зәуид 8/167.