Previous Page  158 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 158 / 216 Next Page
Page Background

158

Ала жіпті аттама

«Бір қызығы, Аллаһ тағала Құран кәрімде базбір харам-

дарды айта келе, «міне, бұлар Аллаһтың қойған шектеуі,

мұның шегінен шықпаңдар» десе, кісінің шәһуатын

оятатын мәселелерге келгенде, «міне, бұлар Аллаһтың

қойған шектеуі, бұған жоламаңдар» деп бұйырады. Біз

осыдан-ақ, құмарлық сезімінің табанымызға тас баты-

ратын сүрлеу екенін білеміз. Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм):

«Айыптауға негіз болатын жерлерден мың қадам

әрі жүріңдер. Күмәнді нәрселерден сақтанған адам

дінін, абыройын да қорғайды. Әйел мен еркек ешкім

жоқ жерде оңаша қалмасын. Қалса, үшіншісі шайтан

болады»

, – деген.

Сайып келгенде, мұсылман адам әрқашан кісілік

келбетін сақтап қалуы, Аллаһ тағаламен ара қатынасын

босаңсытатын, иманын жүдететін нәрселерден аулақ

болуы, көпшіліктің өзі туралы жаңсақ ойлауына,

ғайбаттауына жол бермеуі тиіс. Әйтпесе, адамдардың

Аллаһқа асылық жасап, күнә арқалауына өзі себепші

болады. Кісі көзіне күмән ұялататын істен аулақ жүрген

мұсылман өзі жайлы жаман пікірдің алдын алумен қатар

өзгенің де өсек айтып күнә жасауына жол бермейді.

17. Жаманмен дос болған мұсылманды

сақтандыру

«Бір жақсымен дос болсаң,

Азбас, тозбас мүлік етер.

Бір жаманмен дос болсаң,

Жүміле ғаламға күлкі етер» деп Шалкиіз жырау

айтпақшы, мүмин ана дүниеде пұшайман қылатын жа-

ман ортадан бойын аулақ ұстап, жақындары мен туы-

старын да барынша қорғай білуі тиіс. Жаманмен дос

болып, соның соңынан ергені үшін мұсылман қиямет