153
Мұсылманның бір-біріндегі ақысы
үстінен домалатты да, сөзін жалғастырды, –
«Нәтижеде
адамдар сауда-саттық жасағанда сенетін адам тап-
пай сансырайды. Керек десең, «пәленшенің әулетінде
аманатқа адал адам бар екен» деп таңырқай айта-
тын күнге жетеді. Алда-жалда біреуден адалдықтың
ұшқынын байқаса, «қандай батыл, қандай биязы, қандай
ақылды адам десеңші» деп, таңдай қағып, тамсана-
тын болады. Осылай өздері адамдықты көксегенімен,
жүректерінде қыша тұқымындай да иман болмайды»
.
Бір кездері сауда-саттықты кез келгеніңмен жасай
беруші едім. Саудада әріптесім мұсылман болса, діні
менің ақыма алалық істемейтін. Христиан немесе иудей
болса да әкімі менің ақымды жеп қалған емес. Алайда,
бүгінде тек бір-екеуіңмен ғана сауда жасаймын
199
.
Иман мен Исламның белгілері ақырзаманда тым
көмескіленетінін хадистен білеміз
200
. Сондықтан болар,
қазірде жұрттың көбі діннен ғапыл, кітап пен сүннеттен
хабарсыз болып отыр.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Аманаты
(адалдығы) жоқ адамның иманы да жоқ»
, – деген
201
.
Иманы әлсіз адамдардыңжүрегі көп күнә жасағандықтан,
тез қараяды. Сосын мұндайлар табысқа жетер төте жол
іздеп, жұрттың ақысын жеп, халықты алдауға көшеді.
Сонау Пайғамбарымыздың заманында өмір сүрген са-
хаба Хузайфа сеніммен қарап сауда жасайтын әріптес
табудан қалай қиналса, бүгінде біз де соның кебін киіп,
күйін кешіп отырғанымыз жасырын емес.
Аллаһ тағала мен адамдарға берген уәдені бұзбау
қажет екенін мына аяттардан аңғарамыз:
«Уа, мүминдер,
199
Бұхари. Риқақ 35, Фитен 16; Мүслим. 230.
200
Абдуллаһ Парлыян. Риязус-Салихин тәржімесі. -83 б.
201
Ахмед ибн Ханбәл. әл-Мүснәд 3/135