149
Мұсылманның бір-біріндегі ақысы
Кісі ақысын аяқ асты ететін жаман қасиеттердің
бірі – мақтану мен дандайсу. Мұсылманның бір-біріне
кішіпейілдік танытуға тиіс екенін Аллаһ елшісі
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
мына бір хадисте жеткізген: «Аллаһ тағала
маған
«Бір-біріңе кішіпейіл болыңдар, шектен шығып,
бір-біріңе қысым көрсетпеңдер, тәкаппарланып
мақтанбаңдар»
деді»
193
.
Өзін биік санап, өзгелерді елемеу – үлкен қателік.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бұл туралы:
«Кімде-
кім астамсып, «адамдар құрыды (зиянға ұшырады)»
десе, өзінің олардан бұрын құрығаны
», – деген
194
. «Заман
азды, адам азды» деп түңілген, байбалам салған дұрыс
емес. «Басқа бәле – тілден» екенін естен шығармайық.
Сондай-ақ, адамға несібе етілген байлыққа не болмаса
басқадай нығметке дандайсып, өзін өзгелерден өктем
ұстауы жөн емес.
а) Ғайбат – кісі ақысынан да ауыр
Көрші немесе көңілі жақын дос адаммен әңгімелесіп,
қош айтысқан соң оның былай шыға бере сыртымыздан
өсек айтпайтынына сенімді болмасақ, жағдайымыздың
қиын болғаны. Себебі, көкірегін күдік жайлаған адам
«кім біледі мен туралы не айтып жатқанын» деп көп
мазасызданады, күмәнданады. Мұндай достық ұзаққа
бармайды. Сондықтан, Құран кәрім бауырының сыр-
тынан ғайбаттауды өлген туысының етін жеуге теңеп,
мұның аса ауыр әрі жиіркенішті күнә екенін білдірген.
Дегенмен, кей кездері адамдардың кемшіліктері мен
қателіктерін ашып айтуға тура келетін жағдайлар да бо-
лады. Ал, күнделікті қалыпты өмірде кісінің кемшілігін,
193
Мүслим. Жәннат 64.
194
Мүслим. Бирр 139.