Previous Page  150 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 150 / 216 Next Page
Page Background

150

Ала жіпті аттама

қателігін дабыра қылып бетке басу, жақсы атын жаманға

шығару шынайы достық пен бауырмалдыққа жатпай-

ды.

Төрт жасында Құранды жатқа білген, сан мәрте

қажылыққа жаяу барған Имам Шафиғи сияқты

ғалымдарға ұстаздық қылған, хижраның ІІ ғасырындағы

үлкен Ислам ғұламасы әрі сопы Суфиян ибн Уяйнаның

ғайбат туралы сөздеріне құлақ түрсек, былай дейді: «Кісі

ақысы ең үлкен ақы болып табылады. Разылығын алма-

са, кісі ақысы шейіттерден де сұралады. Сондықтан, кісі

ақысынан арылғысы келген жан ол адамның көңілін тау-

ып, ол өмірден өткен болса, мұрагерлерінің кешірімін

алып, көңілдегі түйткілді шешуге келісуі қажет. Сонда

ғана кісі ақысы өтеледі.

Әйтсе де, ғайбаттаған адам кісі ақысынан оп-оңай

құтылмақ емес. Қайтыс болған кісінің артында қалған

туған-туыстарына барып, «Марқұмды сыртынан сөз

қылып едім, ол қайтыс болған екен, есесіне саған ақша

берейін, мендегі ақысын кеш» дей алмайды. Өйткені,

марқұмның мұрагерінің мұндай өкілеттік жасауына

ешқандай құқы жоқ.

Бұндай жағдайда ғайбаттаған адамымен бетпе-

бет кездесіп, разылығын алу мүмкіндігі тек мақшар

таңында туады. Сонда ол ғайбаттаған кісісімен сауабын

бөліседі, сауабы жетпесе оның күнәсін арқалайды. Де-

мек, ғайбатталған адамның разылығын алу кісі ақысын

өтеудің басқа түрлерінен әлдеқайда қиын.

Негедесеңіз, адамныңқадір-қасиеті, ар-намысыоның

мал-мүлкінен жоғары тұрады. Малын алған адамның

мұрагеріне өтеуін беріп құтылуға болады. Алайда, сыр-

тынан сөз қылып, абыройын төккен адамыңның қадір-

қасиетін ақша беріп қалпына келтіре алмайсың. Оның