Previous Page  145 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 145 / 216 Next Page
Page Background

145

Мұсылманның бір-біріндегі ақысы

тыңдау да харам. Ал өсекті айтқызбай тыйып тастаған

адамның да ақыретте алар сауабы әлгіндей болмақ. Де-

мек, мұсылманның ар-намысына, абыройына нұқсан

келтіретін сөз айтпау бір міндет болса, мұны басқаларға

да айтқызбау тағы бір міндет.

Кааб ибн Мәлик (р.а.) Тәбук жорығынан қалып

қояды. Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Тәбукте саха-

баларымен бірге отырып: «Кааб ибн Мәликке не бол-

ды екен?» – деп сұрағанда, Сәлима руынан шыққан

біреу: «Паңдығы ұстап байқамай қалып қойған шығар»,

– десе керек. Муаз ибн Жәбәл оған: «Бұл сенің қай

сөзің?» – деп кейиді де

:

«Уа, Аллаһтың елшісі, біз

ол жайлы жақсылықтан басқа ештеңе білмейміз», –

дейді. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бұған ештеңе

демейді

188

. Хадис сахабаның басқа бір сахаба туралы

жақсы ойлағанын, Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

мұны үнсіз құптағанын бізге сабақ қылады.

Төменде келтірілген аяттар өсек-аяң айтқандарға,

сөз тасығандарға ермеу қажет екенін, отыз тістен

шыққан әрбір сөздің есепке алынып отырғанын ашық

білдіреді:

«Бұлар дәулетті, текті деп ант-су ішкен

ынжықтарға ерме, сонымен бірге өсекшіге,

жақсылыққа тыйым салушыға, шектен шығушы

күнәһарға, сотқарға, сондай-ақ тексізге де»

(«Қалам»

сүресі, 10-14 аяттар).

«Аузынан бір сөз шығарса-ақ болды, алдында

аңдушы, жазып қоюшы дайын тұрады»

(«Қаф» сүресі,

18-аят).

«Сөз тасыған жәннатқа кірмейді»

189

.

188

Бұхари. Мәғази 79; Мүслим. Тәубе 53.

189

Бұхари. Әдеп 49, 50; Мүслим. Иман 168, 169, 170.