Previous Page  142 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 142 / 216 Next Page
Page Background

142

Ала жіпті аттама

Тәкаппарлық – ақиқатты мойындамау, адамдарға

жоғарыдан астамсып қарау, менсінбеу тәрізді адамның

суқаны сүймейтін сұрқия мінездер жиынтығы

181

. Мұндай

асылық ойдың ұшқыны жүректе жатса, ол адам жан-

наттан мақұрым қалады. Тегінің мықты, зәузатының

қабілетті, ата-бабасын айтып мақтану, сөйтіп, өзін

басқалардан артық санау да кісі ақысын бұзудың бір

түрі

182

. Бір ұлттың басқа ұлттан, бір нәсілдің басқа

нәсілден ешқандай артықшылығы жоқ. Артықшылық

тек тақуалықпен өлшенеді. Сондықтан, нәсілшілдік пен

ұлт араздығын тудыратын, қоздыратын идеяларды тара-

ту да кісі ақысын бұзу болып табылады

183

.

Мүмин адам екі елі аузына төрт елі қақпақ қойып,

бейпіл сөйлеп, балағат сөз айтып аузын былғамайды.

«Мүмин басқаларды даттамайды, қарғап-сілемейді,

бейпіл сөз бен бейәдеп қылық көрсетпейді»

184

, – дейтін

хадис – мұсылман әдебінің жұртты қараламау, ар-

ұжданды қастерлеу, әдепсіздікке бармау, өзгені қарғап-

сілемеу секілді әсем де, көрікті мінездерден құралғанын

танытады. Сонымен қатар, Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм)

өлген кісінің артынан жаман сөз айтуға тыйым

салған. Бұл айтылғандардың да кісі ақысын мансұқ ету

санатындағы әрекет екенін білген дұрыс

185

.

181

Мүслим. Иман 47.

182

Ахмед ибн Ханбәл. Әл-Мүснәд 2/361.

183

Мұхаммед ибн Абдиссалам. Әл-Хуқуқ фил Ислам. -77, 109 б.

184

Тирмизи. Бирр 48.

185

Мұхаммед ибн Абдиссалам. Әл-Хуқуқ фил Ислам. Талибия:

Дару Мәшариқ. 2008. -107 б.