Previous Page  139 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 139 / 216 Next Page
Page Background

139

Мұсылманның бір-біріндегі ақысы

Тарихтан пайғамбар атаулының бәрі азын-аулақ

қой баққанын оқып, білеміз. Пайғамбарымыздың өзі де

Қарарит деген жерде меккеліктердің қойын баққанын

айтқан

175

. Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бірде: «Қойдың

сирағын, не жауырынын жеуге шақырсаңдар, дереу ба-

рамын. Қойдың сирағын не жауырынын сый-сыбаға

ретінде тартсаңдар, аламын», – деген екен

176

.

Жасандылыққа бой алдыру - кісіні жақсылыққа

апармайтын жағымсыз әрекеттердің бастауы. Амал-

ғибадатын басқаларға көз қылып істеген адам сырттай

тәп-тәуір көрінгенімен, ішкі дүниесі әлем-жәлем бо-

лып, рия деген кеселге оңбай ұрынады. Жасандылық

пен жұрт алдында жақсы көрінуге ғана ұмтылу, Аллаһ

үшін жасалар ғибадаттың дұрыс орындалуына кесiрін

тигiзедi. Ақырында Аллаһ ақысын аяқасты етуге дейін

алып келеді.

Құран кәрім де жасандылықтың екіжүзді

мұнафықтарға тән белгі екенін айтқан:

«Мұнафықтар

Аллаһты да алдамақшы. Анығында Аллаһ оларды

алдауға ұшыратады. Олар намазға жүрекпен емес,

жалқаулықпен тұрады. Аллаһты еске алу үшін емес,

өзгелерге көз қылу үшін оқиды»

(«Ниса» сүресі, 142-

аят).

Ел-жұрт пәлен десін, түген десін деген секілді кел-

те оймен жасалған іс-әрекеттің сауабы мүлде болмай-

ды. Мұның ақыры пұшаймандық пен Хақ тағаланың

азабына соқтырмақ. Сырт көзге бейне шейіт тәрізді,

ғалым тәрізді және жұрттың мадағы үшін атымтайдай

жомарт секілді танылғандардың қиямет күні өтірігі

шығып, тозаққа лақтырылатынын Пайғамбарымыз

175

Бұхари. Ижара 2, Әнбия 29, Әтима 50; Ибн Мажә. Тижарат 5.

176

Бұхари. Хибе 2, Неке 73; Мүслим. 104.