Previous Page  143 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 143 / 216 Next Page
Page Background

143

Мұсылманның бір-біріндегі ақысы

14. Жаман ойға қатысты кісі ақысынан

сақтану

Адамдардың абыройына нұқсан келтіретін, ар-

намысына тиетін сөз бен қылық кісі ақысын аяқ асты

ету екені белгілі. Құран кәрімнің түрлі аяттарында

жала, өсек-аяң, кекесін сөз, жаман ат тағу, келемеж-

деу, басқалардың кемшілігін іздеу секілді жағымсыз

іс-әрекеттерді сөгіп, одан аулақ болуға үндейді.

Аллаһ тағала «Хужурат» сүресінде:

«Уа,

мүміндер! Бір қауым басқа бір қауымды кемсітіп,

мазақтамасын. Өйткені, мазаққа ұшыраған қауым

өзін мазаққа айналдырған қауымнан әлдеқайда

жақсы болуы мүмкін. Сондай-ақ, әйелдер де бірін-

бірі мазақтамасын. Кім білсін, мазаққа ұшыраған

әйелдер оларды мазақ қылған әйелдерден әлдеқайда

қайырлы болуы мүмкін. Біріңе-бірің күйе жақпаңдар.

Өз-өздеріңе (яғни, мұсылмандар болып біріңе-

бірің) намысқа тиетін лақап ат қоймаңдар. Иман

келтіргеннен кейін пасық деген жамат атқа ие болу

нендей жаман. Кімде-кім тәубесіне келмесе, міне со-

лар өз-өздеріне қиянатшыл болғандар. Біріңді-бірің

ғайбаттамаңдар! Қайсыбірің өлген бауырының етін

жегенді қалайды? Әрине, бұдан жиіркенесіңдер. Енде-

ше, Аллаһтың (азабынан) қорқыңдар. Расында, Аллаһ

тағала (құлдарының) тәубесін қабыл етуші, ерекше

мейірімді»

(«Хужурат» сүресі, 11-12 аяттар).

Күмәннің, яғни долбардың, лақап сөзді сан-саққа

жүгіртудің де түр-түрі бар. Аллаһ тағала, оның Елшісі,

мүминдер, қала берді, бүкіл адамзат турасында тек

қана жақсы ойда болу мұсылман үшін жарасымды. Ал

адамдардың кем-кетігін тіміскілеп, үнемі сұмырай ойға

берілуі күнә. Айта кететін тағы бір жайт мұсылман адам