140
Ала жіпті аттама
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
тілге тиек еткен
177
. Құран да бұл ту-
ралы былай дейді:
«Уа, мүминдер, Аллаһқа, ақырет
күніне сенбей елге көз қылу үшін дүниесін сарп еткен
адамдардай садақаларыңды міндетсініп бермеңдер.
Ол бейне бір үстін аздаған топырақ бүркеген тасқа
ұқсайды, қатты нөсер оның топырағын шайғанда
тас жалаңаштанып көрініп қалады. Бұл олардың
еңбектерін еш етеді, Аллаһ өзіне қарсы болған елді
ешқашан тура жолға салмайды»
(«Бақара» сүресі,
264-аят).
Мұсылманға жәбір көрсету мен жөн-жосықсыз жала
жабудың үлкен күнә екенін, мұның арты күпірлікке апа-
рып соғатынын, мұсылманды тілдеп кәпір немесе пасық
деп сөгудің, жазасын өтеген адамды қайта күстәналаудың
жөні жоғын мына аят, хадистерден аңғарамыз:
«Мүмин ер адам мен мүмин әйелді жазықсыз
жәбірлегендер, жала жапқандар, анық өзіне ашық
күнә жүктеп алды»
(«Ахзаб» сүресі, 58-аят).
«Тағы да біреу қателік немесе күнә істеп, оны
нақақ біреуге жапса, расында ол өзіне ауыр күнә
жүктеп алады»
(«Ниса» сүресі, 112-аят).
«Мұсылманды сөгу, намысын қорлау – пасықтық,
ал онымен соғысу – күпірлік»
178
.
«Ешкім басқа біреуді пасық, не болмаса кәпір
демесін. Бұл айтылғандар айыпталған кісіде жоқ болса,
сөз айналып өз иесін табады»
179
. Яғни, мұсылманның
бірін-бірі кәпір-пасық деп білгені, бөлгені дұрыс емес.
Негізі адамды Исламнан шығару немесе оны Исламға
177
Мүслим. Имара 152.
178
Бұхари. Иман 36, Әдеп 44, Фитен 8; Мүслим. Иман 116.
179
Бұхари. Әдеп 44