Previous Page  137 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 137 / 216 Next Page
Page Background

137

Мұсылманның бір-біріндегі ақысы

берілген жаза оған да кесіледі»

, – деп Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

менмендіктің ақыры зұлымдыққа

апаратынын айтқан. Кішіпейілдік танытпаған адам бұл

мінезін тыймаса, күндердің күнінде өзін паң ұстайтын

залымға айналатыны хадисте баяндалған: «Шынын-

да Аллаһ тағала сендердің кішіпейіл болуларыңды

бұйырып маған уахи етті. «Бір-біріңе тәкаппарланып

мақтанбаңдар, бір-біріңе қысым көрсетіп ренжітпеңдер»,

– деді». Ендеше, Құран арқылы оқиғасы кейінгіге ой са-

лар қиссаға айналған залым Қарун, перғауын мен оның

уәзірі Хаман сияқты астамшылықтың шегінен шығып,

кісі ақысын батпандап жегендерге берілер жазаның ке-

сапатынан қорқып, олардан сабақ алуға тырысуымыз

қажет.

Мүминдердің бір-біріндегі ақыларын баян еткен аят

пен хадистердің бір легі мынадай:

«Мүминдердің сені қолдағандарынан көмегіңді

аяма»

(«Шуара» сүресі, 215-аят).

«Уа, иман еткендер! Сендерден кімде-кім

дінінен шығатын болса, біліп қойсын, Аллаһ тағала

күндердің күнінде Өзі жақсы көретін, олар да Оны

жақсы көретін бір қауымды әкеледі. Олар мүміндерге

өте кішіпейіл, кәпірлерден күшті де, үстем болады...»

(«Мәида» сүресі, 54-аят).

«Уа, адамдар, шүбәсіз сендерді бір еркек пен

әйелден жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тану

үшін сендерді ұлттарға, руларға бөлдік. Шынында

Аллаһтың қасында ең ардақтыларың – тақуаларың.

Шәксіз Аллаһ бәрін толық білуші, әр нәрседен хабар

алушы

(«Хужурат» сүресі, 13-аят).