132
Ала жіпті аттама
қаражолға зақымкелтіру, телефонжәне электр сымдарын
ұрлау, көшеде кептеліс орнату, жол ережесін бұзу сын-
ды әрекеттер үйреншікті әдетке айналған.
«Қорамсақта
оғы бар адам мешітке, не болмаса базарға соққанда,
мұсылмандарға зиян келтірмес үшін жебенің ұшын
қолымен жауып жүрсін»
161
, – деген Пайғамбарымыздың
біздің мұнымызды құптай қоймасы анық. Дініміздің
жұртшылықтың құқын барынша қадағалайтынын осы-
дан байқаймыз.
Сондай-ақ, жұмыс арасынан уақыт тауып асығыс
намазға келген адамдар мен жол жүріп бара жатқан
жолаушыларға имам болғанда намазды тым ұзақ
оқымаған абзал. Өйткені, қызметтеріне кешігіп, не жол-
дан қалып жатса, ол кісілер ақыларын басқа емес, сізден
алатын болады. Осы орайда,
«Араларыңнан кімде-кім
жамағатқа имам болып намаз оқытса, намазды со-
збай қысқа оқытсын. Өйткені, олардың арасында әлсіз,
дімкәс және қарт адамдар болады. Ал кімде-кім жалғыз
өзі намаз оқыса, қалағанынша ұзақ оқысын»
162
, – деген
хадисті еске салғымыз келеді.
«Мен намазда тұрғанда асықпай, ұзақ оқығым
келеді. Бірақ, бір сәбидің жылаған даусын естісем,
шешесі алаңдай ма деп тезірек оқып, дереу аяқтауға
тырысамын»
163
, – дейді Пайғамбарымыздың өзі де.
Кісіні нақақтан-нақақ қаралау, оның мал-мүлкіне,
қадір-қасиетіне, атақ-абыройына, өміріне қол сұғу
секілді жағдайларда кісі ақысы бұзылатынын ұмытпаған
абзал.
161
Бұхари. Саләт 66, Фитен 7; Мүслим. Бирр 120-121; Әбу Дәуіт.
Жиһад 65; Нәсаи. Мешит 26; Ибн Мажә. Әдеп 51.
162
Бұхари. Ілім 28, Азан 62; Мүслим. Саләт 183-186.
163
Бұхари. Азан 61, 163.