127
Мұсылманның бір-біріндегі ақысы
– Пәлен деген құлым сенен су сұрады, бермедің.
Сұрағанын бергеніңде, сауабын менің жанымнан табар
едің. Мұны білмейтін бе едің? – дейді»
147
.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір хадисінде
аурудың халін білуді, ашыққанды тойдыруды, тұтқынды
құтқаруды бұйырған
148
. Тағы бірде науқас бауырының
көңілін сұрай барған мұсылман үйіне қайтқанша
жұмақтағы жеміс бауларының арасында болатынын
айтқан
149
.
Хазірет Осман ибн Аффаннан (р.а.) жеткен риуаятта
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір мәйіт көмілген
соң, қабірінің басында тұрып:
«Бауырларыңның
күнәлары кешірілуін сұраңдар және Аллаһтан оған
сәттілік тілеңдер. Өйткені, ол дәл осы сәтте тергеліп
жатыр»
, – деген екен
150
.
Қазіргі таңда уақыттың аздығы, жұмысбастылық,
жол кептелісі мен жолдың шалғайлығын сылтауратып,
әлгі айтылған міндеттерге жүрдім-бардым қараймыз.
Бір өкініштісі, науқастың көңілін сұрап баруға,
жаназаға қатысуға уақыт таппай, ғаламтор тінту мен
кино көруге келгенде, есіл уақытты еселеп жұмсаймыз.
Анығында мүминдердің алтын уақытын босқа шығын
қылмай, ақыретте кәдесіне жарайтын игі амалдармен
шұғылданғаны абзал.
12. Туыстық ақыларын сақтау
Мұсылман – мұсылманға бауыр. Олардың
біте қайнасып, қаны бір туыстан да жақын болуы
147
Мүслим. Бирр 43.
148
Бұхари. Жиһад 171, Әтғима 1, Неке 71.
149
Мүслим. Бирр 40-42.
150
Әбу Дәуіт. Жәнаиз 69.