128
Ала жіпті аттама
жүректеріндегі иман кәмілдігіне қатысты. Бауырластық,
туыстық міндеттерді сақтау дегеніміз – мүминнің өз ба-
сына тілемеген нәрсесін басқа мұсылманға тілемеуі, одан
аулақ болуын көздеуі десек артық кеткендік емес.
Мына аят осы туыстық туралы сөз қозғайды:
«Егер мүминдерден екі топ соғысса, дереу араларын
жарастырыңдар. Егер екі жақтың бірі екіншісіне
өктемдігін жасаса, келісімнен бас тартқан жақпен
Аллаһтың әміріне қайтқанға дейін соғысыңдар.
Егер қайтса, араларын әділдікпен жарастырыңдар,
туралық танытыңдар. Шынымен Аллаһ туралық
істеушілерді жақсы көреді. Шын мәнінде мүминдер
өзара туыс. Сондықтан, араздасқан туыстарыңның
арасын жарастырыңдар және Аллаһтан қорқыңдар.
Мүмкін игілікке бөленерсіңдер
(«Хужурат» сүресі, 9-10
аяттар).
Тағы бір аят былай дейді:
«Түп-түгел Аллаһтың
жібіне нық жабысыңдар, алауыздықпен бөлінбеңдер.
Өздеріңе Аллаһтың берген нығметін еске алыңдар.
Қанеки, сендер бір-біріңе дұшпан едіңдер, сосын
Аллаһ жүректеріңмен тілектеріңді табыстырды,
оның игілігімен бауырға айналдыңдар. Оты лаулап
жанған бір шұңқырдың ернеуінде едіңдер, сендерді
одан құтқарды. Осылайша, Аллаһ сендерге аятта-
рын тура жолға түсу үшін баян етеді»
(«Әли Имран»
сүресі, 103-аят).
Ислам діні келмес бұрын араб елдерінде адам
өмірінің құны түкке де тұрмайтын. Ру-тайпалар қит
етсе қырық пышақ боп қырқысып, соғыстан көз аш-
паушы еді. Мәселен, Мәдинаның Әус және Хазраж
тайпаларының жүз жиырма жыл бойы жұлдыздары бір-
біріне қарсы болып, бір-бірін аяусыз қырып келген-ді.