Previous Page  131 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 131 / 216 Next Page
Page Background

131

Мұсылманның бір-біріндегі ақысы

кісі кәміл иман келтірген болмайды» деген хадисінде

көрініс тапқан

156

. Яғни, мүмин адам бауырына тек жақсы

нәрселерді ғана мақұл көріп, оған тілеулес болуға тиіс.

Сонда ғана ол иманның ләззатын сезінеді.

Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

мұсылман-

ның жаны қалаған нәрсесін бауырымен бөлісуге даяр

тұруын

157

мұсылманның мұсылман алдындағы алты

ақысының бірі деп санауы, бауырмалдықтың Исламдағы

орнын көрсетеді. Шынымен де мұсылман адам бауырын

өзінен артық қойып, оған өзіне қымбат нәрсесін қиып

бере алады.

Мүминдер өзара мынадай болуы керек деп

саусақтарын айқастырып, оларды іргетасы мықты, берік

қаланған қабырғаға теңеген

158

. Келесі бір хадисінде:

«Мүминдердің бір-біріне деген жанашырлығы мен

бауырмалдығы тұтас бір дене секілді. Дененің бір жері

ауырса, тұла бойдың ыстығы көтеріліп, тұтас дене

мазасызданады»

159

, – дейді.

«Мұсылман бауырын қорлаған адам сол әрекеті

үшін күнәлі болады. Мұсылманға басқа мұсылманның

қаны, малы және ары харам»

160

, – деген хадис және

бар.

Дініміз қоғамдық орындарда тәртіп бұзуды

құптамайды және мұның алдын алуды қажет деп біледі.

Қазіргі таңда жүк көлігіне артық салмақпен жүк тиеп,

156

Бұхари. Иман 7; Мүслим. Иман 71-72.

157

Тирмизи. 5/80; Ибн Мажә. 1/461; Ахмед ибн Ханбәл. әл-Мүснәд.

1/88, 2/321.

158

Бұхари. Саләт 88, Әдеп 36, Мәзалим 5; Мүслим. Бирр 65;

Тирмизи. Бирр 18; Нәсаи. Зекет 67.

159

Бұхари. Әдеп 27; Мүслим. Бирр 66; Ахмед ибн Ханбәл. әл-

Мүснәд. 4/270.

160

Мүслим. Бирр 32; Әбу Дәуіт. Әдеп (Бабу мән радда муслимән).