Previous Page  133 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 133 / 216 Next Page
Page Background

133

Мұсылманның бір-біріндегі ақысы

Туыстықтың бір міндеті ретінде мүминге қол ұшын

берудің бір қырын Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

мына бір хадисінде аңғартады:

«Залым болсын, мейлі

жәбір көруші болсын, діні бір бауырыңа болысқайсың»

, –

деді. Тыңдап отырғандардың бірі: «Уа, Аллаһтың елшісі,

жәбір көргенге көмектесермін, ал залымға қалай жәрдем

бермекпін?» – деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм):

«Көмегіңді зұлымдық жасауына жол бермеу

арқылы жасайсың», – деді»

164

.

Діні бөлек болса да кемсіту, шамына тию, көңілін

қалдыру, жерден алып жерге салып, ұрсу секілді

жағымсыз қылықтар да кісі ақысын бұзуға жатады.

Мұсылманның мұсылмандағы көп ақысының бірі

– топтасып Аллаһты еске түсіру. Ислами әдебиеттерде

Аллаһ тағаланы жадынан шығармау үшін ғана бір-

бірімен жүздесіп, сұхбаттасқан сахабалардың талай-

талай әңгімесі қат-қат болып сақталған. Табиғин

ғалымдары да дін, иман тақырыбында ортақ пікірге

келу үшін және көңілдің кірбіңінен арылу үшін көп

уақыттарын діни әңгіме-дүкен құруға арнаған

165

.

Осы еңбек барысында келтірілген көптеген

аят-хадистерден аңдағанымыз бен ұққанымызды

тұжырымдасақ, кісі ақысына қатысты нәрселер –

мүминдерге мейіріммен құшақ жаю, кісі өлтірудің

бүкіл адамзатты өлтірумен пара-пар екенін білу, мүмин

бауырының қайғы-мұңына ортақтасу, өзімен бірге суық

қару алып жүрмеу, адамдарды құрметтемейтін пендесіне

Аллаһтың да жаны ашымайтынын білу, мұсылманға

көмек қолын ұсынып, демеген жанды қияметте Аллаһ

тағаланың да қиыншылықтан құтқаратынын білу, ба-

164

Бұхари. Мәзалим 4, Икрах 6; Тирмизи. Фитән 68.

165

Мұхаммед ибн Абдиссалам. әл-Хуқуқ фил-Ислам. -80 б.