136
Ала жіпті аттама
ақиқатты мойындамау әрі өзгелерді менсінбеу», – деп
жауап береді
168
.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
тозақ отының
отынына айналатындардың тасжүрек, дөрекі мінезді,
дүниеқор әрі тәкаппар жандар болатынын мына хадисте
білдірген:
«Сендерге жаһаннамға баратындардың кім
екенін айтайын ба? Олар қайырымсыз, дөрекі, сараң әрі
кердең басқан тәкаппарлар»
169
. Демек, мұсылман жүріс-
тұрысын ой елегінен өткізіп, жақсы амалдарын көбейтіп,
жұмаққа жетуге, тозаққа бармау үшін менмендіктен
арылуға бар күшін сарп еткені абзал.
Бірқатар хадистерде тәкаппарлыққа бой алдырған
адамдарға қиямет күні Аллаһтың рақымшылықпен
қарамайтыны, оларға жантүршігерлік азап дайындағаны,
ұлылықтың Аллаһқа ғана тән екені баяндалған. Әбу
Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Аллаһ тағала қиямет күні көйлегінің
етегі жерге сүйретіліп, паңданған адамға назар
салмайды»
170
, – дейді. Пайғамбарымыздың заманында
тірі пендені көзге ілмей, астамсыған адамдар киімдерінің
етегін өте ұзын етіп тіктіруші еді.
Әбу Хұрайрадан жеткен тағы бір хадисте Расулаллаһ
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
былай деген: «
Үш адаммен Қиямет
күні Аллаһ тағала тілдеспейді, оларды есіне алмайды,
тіпті назарын да салмайды. Осы үш топ қорқынышты
азапқа душар болады. Олар: зинақор қария, өтірікші
патша, тәкаппар кедей»
.
«Кімде-кім тәкаппарлануды әдетке айналдырса,
залымдар қатарын толықтырады. Сөйтіп, залымдарға
168
Мүслим. Иман 47.
169
Бұхари. Әйман 9, Әдеп 61, Жәннат 47; Тирмизи. Жәһаннам 13.
170
Бұхари. Либас 1, 2, 5; Мүслим. Либас 42-48.