141
Мұсылманның бір-біріндегі ақысы
телудің дініміз үшін аса маңызды мәселелер екенін
ұмытпаған абзал.
Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.а.с) айыбын мой-
ындап, жазасын өтеген адамды қарғап-сілеуге тыйым
салған. Күнәсінің өтеуін кейінге қалдырмай, тіршілікте
құтылуды ойлап, кесілген жазасын жер басып жүріп
өтеген адамды күстәналау, сөгу кісі қоштарлық қылық
емес.
Ислам адамның жеке басына, ар-намысына тиетін
өсек-аяң, өтірік пен жаланы харам етіп, әзіл-қалжың
болса да көпшілік алдында айтылған немесе бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы әлдекімнің абыройын төгіп
бопсалайтын, шамына тиетін орынсыз келемеж сөз бен
қылыққа, жазу-сызуға қырын қараған.
Дініміз жүрегінде зәредей менмендігі болған жанға
жұмақтың иісі де нәсіп болмайтынын, мүминдердің
бір-біріне жаман лақап ат тақпауын, бірін-бірі келеке
етпеуін, Аллаһ тағала кешірмейді деп асылық айтқан
адамның бар амалы желге ұшатынын білдірген.
«Бүкіл қорлаушы, өсекшіге нендей өкініш!»
деген
(«Хумәзә» сүресі, 1-аят) аят мұсылмандарды келемеж-
дегендерге, өсектегендерге үлкен азап барын меңзейді.
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
«Мұсылман
бауырын кемсіткен адамның мойынына ауыр күнә
жүктеледі. Әрбір мұсылманға басқа мұсылманның
қаны, малы және ары харам»
180
дейтін хадисі де бұған
дәлел.
Мұсылмандар іргетасы мықты, қабырғасы берік
қаланған үй секілді мығым болуға, ынтымағы жарасып,
бірін-бірі алаламауға, сөкпеуге, кемсітпеуге тиіс.
180
Мүслим. Бирр 32; Әбу Дәуіт. Әдеп (Бабу мән радда муслимән).