144
Ала жіпті аттама
басқалардың өзі туралы жаман ой пайымдауына жол
бермеуі тиіс.
Мұсылманның жел сөзге құлақ аспағаны, дін-иман
туралы орынсыз сөздерден аулақ болғаны жөн екенін
мына аяттардан ұғамыз:
«Олар өсек-аяң естігенде теріс айналып: «Біздің
ісіміз өзімізге, сендердің істерің өздеріңе. Мұндайда
жылы қоштасайық. Надандарды қаламаймыз»,
–
дейді» («Қасас» сүресі, 55-аят).
«Олар қаңқу нәрселерден аулақ болады»
(«Мүминун» сүресі, 3-аят).
«Өзің білмеген нәрсенің соңына түспе. Шынымен
қиямет күні құлақ, көз бен жүрек одан сұралады»
(«Исра» сүресі, 36-аят).
«Олардың аяттарымызды әжуалауға кіріскенін
естіген сәтте сөз сарынын ауыстырғанша олардың
қасынан без. Егер шайтан саған сытылып шығуды
ұмыттырса, есіңе түскен сәтте залымдар тобынан
аулақ кет»
(«Әнғам» сүресі, 68-аят).
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Адамға күнә
ретінде естігенінің бәрін екінші біреуге жеткізгені
жетіп жатыр»
, – деген
186
. Тағы бір хадистерде
біреуді сыртынан қаралап, өсек айтқанның және өсекті
тыңдағанның күнәға бірге бататыны, екеуі де өсектеген
адамының күнәсін арқалайтыны, оның өтеуі үшін са-
уаптарын бөліп беретіні айтылған.
«Діндес бауырын ғайбаттап жатқанда өсекшіге
қарсы шығып, бауырының абыройын қорғап қалғанды
Аллаһ тағала қиямет күні тозақтан сақтайды»
, –
дейді
187
. Біреудің сыртынан өсек айту да, айтылған өсекті
186
Мүслим. Сахих 1/10; Ахмед ибн Ханбәл. әл-Мүснәд 2/539.
187
Тирмизи. Бирр 20