Previous Page  148 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 148 / 216 Next Page
Page Background

148

Ала жіпті аттама

салынады: бірінші – кісіге тіл тигізгені үшін, екінші –

Аллаһ жаратқан құбылыстың бойынан кемшілік іздегені

үшін, үшінші – уақытты босқа өткізгені үшін».

Бұл қағидадан біз мұсылманды ғайбаттаудың харам

екенін, бойынан кемшілік іздеу мәкрүһ екенін ұғамыз.

Сондай-ақ, Ислам мемлекетінде өмір сүретін мұсылман

еместі де жәбірлеуге болмайды. Өйткені, Аллаһ оның

дінін, жанын және малын өз қорғауына алған. Ибн

Хиббанның кітабында баяндалған мына хадис осыған

дәлел. «Иудей немесе христианға жапа шектірген адам

- жаһаннамдық». Бұдан басқа соғыс жағдайындағы

(харби) мұсылман еместі ғайбаттау харам емес деп

айтылғанын да қоса кеткен жөн

191

.

Аллаһтағала:

«Уа,мүминдер,садақаныміндетсініп,

бұлдап немесе кісінің көңілін қалдырып, сауабынан ай-

ырылып қалмаңдар»

, – деген («Бақара» сүресі, 264-аят).

Сондай-ақ, тағы бірде:

«Қайыр істегендер бергендерін

бұлдамаса, сөйтіп өзгелерді ренжітпесе, оларға

Раббыларының құзырында сыйлық бар. Және оларға

қорқынышжоқ, олар қайғырмайды»

(«Бақара» сүресі,

262-аят), – дей отырып, жасаған жақсылығын соқырға

таяқ ұстатқандай қайта-қайта айтып міндетсінгенді,

бәлсінгенді жазғырған.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

қиямет күні

орнағанда дәрменсіз хәлдегі үш топтағы адамдарға

Аллаһ тағаланың мейіріммен назар салмайтынын және

ақтамайтынын айтқан. Олар: киімі жерге шұбалған

тәкаппар, жақсылығын бұлдаған адам және өтірік ант-

су ішіп тауарын қымбатқа сататын саудагер

192

.

191

Алуси. Рухул Мәғани 26/160.

192

Бұхари. Уәсая 8, Неке 45, Фәраиз 2, Әдеп 57, 58; Мүслим. Бирр

28.