154
Ала жіпті аттама
уәделеріңді орындаңдар»
(«Мәида» сүресі, 1-аят),
«Сертті орындаңдар. Сөз жоқ уәде сұралады»
(«Исра»
сүресі, 34-аят).
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір хадисінде
мұнафықтың төрт белгісі барын айта келе:
«Ол берілген
аманатқа қиянат жасайды, өтірік айтады, сөзінде
тұрмайды, шектен шыға жаулық қылады»
, – дейді
202
.
«Сертін бұзғандар қиямет күні әшкере бо-
лады. Уәдесінен тайғаны үшін бұл пәленшенің
опасыздығының ишарасы деп оған байрақ тігіледі»
203
де-
ген Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
тағы бір хадисте
былай дейді:
«Қиямет күні әр опасыздың ту сыртында
байрақ орнатылады және ол ту опасыздығының шама-
сына қарай биіктей береді. Біліп қойыңдар, билеушінің
опасыздығынан өткен сорақылық жоқ»
204
.
Ел басқару - үлкен жауапкершілік. Хадистерде
басқару ісінің шырғалаңы мол екені, әділ билеушіге
жақсылықтың үйіліп-төгілетіні айтылады. Адамдар
көлеңке таппай, күйдірген күн көзінен жаны қысылатын
қиямет күні Аллаһтың мейірбандық көлеңкесін сая-
лайтын жеті топтың қатарында әділ билеуші де барын
айтқан Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Әбу Зарға
(р.а.) «билік сұрама» деп мұның ауыр іс екенін меңзеген.
Пайғамбарымыздың осы тақырыптағы хадистерін есіл-
дерті ел билеуге ауған адамдар мен билік басындағы
жуандар көкейіне түйіп, нәтиже шығарса, нұр үстіне
нұр болар еді.
Сайлауда халыққа аста-төк уәде бергендердің мамық
орынға қонжиған соң, мейманасы тасып жауапкершілігін
202
Бұхари. Иман 24, Мәзалим 17, Жизия 17; Мүслим. Иман 106.
203
Бұхари. Жизия 22, Әдеп 99, Хиял 99; Мүслим. Жиһад 11, 17.
204
Мүслим. Жиһад 15-16.