Previous Page  152 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 152 / 216 Next Page
Page Background

152

Ала жіпті аттама

15. Аманатты орындау, уәдеде тұру

Аманатқа қиянат ету мен сертке селқостық таны-

ту кісі ақысын аяқ асты ету болып табылады. Хадисте

айтылған:

«Мұнафықтың белгісі үшеу: өтірік айту,

уәдеде тұрмау, аманатқа қиянат жасау»

197

. Тағы бір

риуаятта

«Ораза ұстап, намаз қылып, өзін мүмин деп

білсе де»

деген сөз қоса айтылған

198

.

«Негізінен Аллаһ тағала сендерге аманат-

ты орындауларыңды және басшы бола қалсаңдар

әділдікпен билікжүргізулеріңді әмір етеді»

дейді Құран

кәрім («Ниса» сүресі, 58-аят). Тағы бір аят:

«Рас, ама-

натты (дінді) көк пен жерге және тауларға ұсындық.

Олар бұл жауапкершіліктен қорқып бас тартты.

Оны адам баласына жүктеді»

, – дейді («Ахзаб» сүресі,

72-аят).

Хузайфа ибнул Йеман (р.а.) мына бір оқиғаны баян

етеді: «Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бізге екі нәрсе

туралы айтты. Бұлардың біреуін өз көзіммен көрдім,

екіншісін күтіп жүрмін. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

әуелі мынаны айтты:

«Расында, аманат (адалдық)

адам жүрегінің түбіне тамыр жайып орнықты. Сосын

Құран түсті. Адамдар Құран мен сүннеттен аманат-

ты үйренді»

. Содан соң Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

аманаттың (адалдықтың) жоғалатыны туралы айтты:

«Адам ұйқыдағы уақытта жүрегінен аманат суыры-

лып алынады, оның болмашы мөлшері ғана қалады. Со-

сын тағы бір ұйықтағанда жүрегінен аманат басы

бүтін алынады, бұл жолы аяғында домалатқан шоқтың

ізіндей ісінген дақ пайда болады»

, – Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

қолына малта тастар алып аяғының

197

Бұхари. Иман 24; Мүслим. Иман 107-108.

198

Мүслим. Иман 109.