Previous Page  155 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 155 / 216 Next Page
Page Background

155

Мұсылманның бір-біріндегі ақысы

ұмытуы - кісі ақысын аяқ асты етудің нақ өзі. Басшы

қолда бар мүмкіндігін пайдаланып, қоғамның қаны

сорғалап тұрған мәселелерін шешудің орнына, мар-

дымсыз қолбайлау істермен айналысуы - тұтастай елдің

ақысын бұзған болып саналады.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Мен қияметте

мына үшеудің: менің атыммен ант еткен соң уәдесінен

танған адамның, азат кісіні құл деп сатып жіберген

адамның, жұмысшының еңбегін төлемеген адамның

дұшпанымын»

, – деген

205

.

Аманатты сақтауда асқан ұқыптылық

туралы әңгіме

Әбу Хубәйб Абдуллаһ ибн Зубәйір (р.а.) бы-

лай дейді: «Жәмал соғысы басталатын күні әкем

мені шақыртып алды да: «Балам, бүгін өлгендер

не қиянатшыл, не жазықсыз болады. Өз басым

жазықсыз мерт болып, шейіттердің қатарына

қосыламын-ау деп үміттенемін. Бар уайымым

- төленбеген қарыздарым. Олай-бұлай болып

кетсем, малымды сатып қарызымды төлегейсің.

Қарыздарымды қайтарғаннан кейін сендерге

бірдеңе қала ма, қалай ойлайсың?» – деді. Сосын

дүниесінің үштен бірін балаларына өсиет қылып:

«Қарыздарым толық төленіп біткеннен кейінгі

дүниенің үштен бірі сенің балаларыңа тиесілі»,

– деді. Сөйтіп, қарызын қайтаруды қайта-қайта

тапсырып жатып: «Балам, егер қарызымды төлей

алмай қиналсаң, Мәуламнан

206

сұра», – деді. Не

дегенін түсіне алмай «Мәула дегеніңіз кім?» деп

205

Бұхари. Бүю 106, Ижара 10.

206

«Мәула» сөзі арабшада кісіні құлдықтан босатушы, қожайын, ие

деген мағынаға да келеді. Автор