156
Ала жіпті аттама
сұрадым. «Мәулам – Аллаһ» деді әкем. Аллаһтың
атымен ант етейін, әкемнің сол қарыздарын
төлерде қиналып қалсам: «Уа, әкемнің мәуласы,
оның қарызын төлеуіме жәрдем бер» деп тілеуші
едім. Артынша қолыма ақша түсетін»
207
, – дейді.
Зубәйірешкімніңаманатынақиянатжасамаған,
алса да қарызға ыждағатты жан екен. Ертеңін ой-
лап, алда-жалда майдан алаңында мерт болған
жағдайда да бар қарызын қайтаруды баласына
өсиет қылған. Абдуллаһ ибн Зубәйір де әкесі өлген
соң, мал-мүлкінен шашау шығармай, барлық
қарыздарын қайтарып, аманатты ақтаған соң
ғана, әке малын мұрагерлеріне бөліске салған.
Абдулаһ ибн Зубәйірдің кіндігінен тоғыз ұл, тоғыз
қыз тараған екен.
Алда-жалда біреуден қарыз алатын болсақ,
ешқандай арам ойсыз, құдай қаласа қайтарамын
деп алуымыз қажет. Аллаһ тағаланы өзімізге уәкіл
(жар) етіп істерімізді соған сеніп тапсыруымыз
керек. Тек осы ықылас пен тәуекел ғана жанымыз
қысылғанда Аллаһ шапағатынан пана табуымызға
сеп болады.
16. Айып тағуға себеп болатын
нәрселерден бойды аулақ ұстау
Мүмин адам өзін нақақтан-нақақ айыптауға, себепсіз
сөгуге соқтыратын нәрселерден іргесін аулақ салады.
Ислам құқығы методологиясындағы «сәдди зәраи»
(харамға апаратын факторлардан сақтану) ұстанымын
басшылыққа алу - мүминнің міндеті. Мұндағы «сәдд»
сөзі арабшада кедергі, бөгет болу, ал «зәраи» сөзі бол-
са кісіні жамандыққа ұрындыратын қауіп мағынасына
келеді.
207
Бұхари. Фарзул-хумус 13.