160
Ала жіпті аттама
18. Түшкіріп «әлхамдулиллаһ» дегенге
«ярхамукаллаһ» деу (Аллаһтан
жарылқау тілеу)
Мұсылманның діндес бауырына дұға етуі – туыстық
жақындықтың бір көрінісі. Мұсылманның мұсылманға
жасаған дұғасының қабыл болатыны кәміл.
Әбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
былай деген:
«Аллаһ
түшкіргенді жақсы көреді, есінегенді ұнатпайды.
Кімде-кім түшкірсе, сосын Аллаһ тағалаға шүкіршілігін
білдірсе, оның мадағын естіген әр мұсылманның
«ярхамукаллаһ» деп айтуы уәжіп. Ал, есінегенде шай-
тан араласады. Шама келгенше есінемей, өздеріңе бе-
кем болыңдар. Өйткені, адам есінегенде шайтан оған
күледі»
211
.
Түшкіру – нығмет. Ол - деннің саулығының,
ағзаның ауруға қарсы тұруының нышаны. Берілген
несібеге шүкіршілік жасағанымыз сияқты, түшкіргенде
де шүкіршілік еткен жөн.
«Бірде Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жа-
нында қатар тұрған екі кісі бірдей түшкірген-ді. Аллаһ
елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
біреуіне ғана: «ярхамукаллаһ»
дейді. Сонда екіншісі: «Мынау түшкіргенде оған
«ярхамукаллаһ» дедіңіз. Мен түшкіргенде үнсіз
қалғаныңыз қалай?» – дегенде, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
оған: «Ол түшкіргенде Аллаһты еске алып
«әлхамдулиллаһ» деп айтты, ал сен бұл сөзді айтқан
жоқсың», – деп жауап берген екен»
212
.
211
Бұхари. Әдеп 125, 128: Бәдғул халқ 11.
212
Бұхари. Әдеп 127; Мүслим. Зухд 53