165
V Бөлім
САУДА ІСІНДЕГІ КІСІ АҚЫСЫ
Сауда ісіндегі жағдайлар
Біз бұл тарауда сауда қатынастарында кісі ақысын
мансұқ етпеуді, дінімізде харам саналған табыс көздерін
әдетке айналдырмауды және сауда ахлағына қатысты
кейбір мәселелерге тоқталмақпыз.
Қоғамымызда жиі орын алатын адамзат дерті
- парақорлық, алдау, таразыдан жеу, қарызды дер
кезінде қайтармау, біле тұра елеулі кемшілігі бар неме-
се жарамдылық мерзімі өткен тауарларды сату секілді
әрекеттер кісі ақысын бұзу болып табылады.
Бұған қарап әлемдік сауда нарығының көптеген
әдіс-тәсілдерінен кісі ақысының сәт сайын аяқ астын-
да тапталып жатқанын көреміз. Қалбырдағы жартылай
пісірілген тамақ өнімдеріндегі химиялық консерванттар,
эмульгаторлар, синтетикалық қоспалардың тигізер ора-
сан зиянын біле тұра оңай олжаға кенелуді көздеп, олар-
ды тағамдардың құрамына мөлшерден артық қосудың
және мұны өнімнің рецептурасында, не болмаса дайын-
далу технологиясында көрсетпеудің, қызылды-жасылды
жапсырмалармен жұрттың назарын аударудың, жалған
жарнама жасаудың да кісі ақысына тікелей қатысы бары
рас.