Previous Page  167 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 167 / 216 Next Page
Page Background

167

Сауда ісіндегі кісі ақысы

жасалып, рибаның ашық желінуі Аллаһтың азабын

шақырады»

221

деген хадистер біз үшін ашық ескерту.

Аллаһ тағаланың дүниеде рибамен мал жиғандарды

қиямет күні қарындары жер сызған күйде тірілтетінін

Құран мен хадистерден білеміз. Олар қабірден тұрмаққа

ұмтылғанымен, қарнын көтере алмай, сүйретіліп хашыр

алаңына еңбектеп жетеді. Бұған ондағы жұрттың бәрі

куә болады

222

. Өсімқорлық - Аллаһ тағала мен елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

үзілді-кесілді тыйым салған және оған

қарсы күрес жариялаған амал.

2. Құмар ойнау

Аллаһ тағала құмар ойындарын, яғни ақша тігіп,

бәстесіп ойнайтын ойын түрлерінің барлығын түбегейлі

харам қылған. Оның ресми заңдастырылғаны да, рес-

ми емес жасырын ойналғаны да харам. Құранда құмар

ойындар шайтанның ісі екені айтылады:

«Уа, иман

еткендер! Арақ-шарап, құмар ойындары, құлшылық

ету үшін орнатылған пұттар және жебелермен бал

ашу тек шайтанға тән лас істерден. Ендеше (екі

дүниеде) мақсат-мұраттарыңа жету үшін бұлардан

аулақ болыңдар. Шүбәсіз шайтан арақ-шарап һәм

құмар ойындары арқылы араларыңа дұшпандық пен

өшпенділік салуды, сендерді Аллаһты еске алудан

және намаздан тосуды (бөгеуді) ғана қалайды. Енді

бұлардан тыйылдыңдар ғой, солай емес пе?»

(«Мәида»

сүресі, 90-91 аяттар).

Құмар, бәс тігу және ұтыс билеттері секілді алдам-

шы ұтысқа негізделген ойындар - кісіні жарылқау үшін

221

Мүнауи. Фәйзул-Қадир 1/44.

222

Әбу-с Сууд. Иршаду-л Ақли-с Сәлим 1/202; Ибн Жәзуи. Заду-л

Мәсир 1/330.